Жалын сыйлаған - «Жастар жылы»

    24.01.2019 жыл

Қаңтардың  23-і  күні Астана қаласындағы «Нұр әлем» павильонында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының салтанатты ашылуы болып өтті.

     Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар, Үкімет басшылары, ҚР Парламенті депутаттары, жергілікті атқарушы орган басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, еліміздегі ең белсенді, ең табысты жастармен қатар,  «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б қатысты.

    Республика бойынша ауқымды жетістіктерге жеткен білімді жастар өз салаларындағы ауқымды жетістіктеріне баяндама жасады. Атқарылып жатқан жұмыстарына тоқтала келе, Елбасына биылғы жылды «Жастар жылы» ретінде жариялап, жастарға тың серпін беріп, мол мүмкіндіктерге жол ашқанына үлкен алғыстарын жеткізді.

    Мемлекет басшысы «Еліміздің келешегі жастардың қолында» деген болатын. Шындығында, мемлекетіміздің жандануы ел ертеңі саналатын бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Оны сезінген бүгінгі жастар Президентіміздің бағыт-бағдар берген сара жолымен ілгері басып, тек биіктерге ұмтылып келеді. Еліміздің көзі ашық, көкірегі ояу сан мыңдаған білімді ұрпақтары өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгіп, еңбек етуде. Қазіргі заман бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Олай болса, жаһандану заманында заман ағымымен алға жылжып, жаңа технологияларды меңгере отырып, ел дамуына елеулі үлес қоса беруіміз керек. Өйткені, жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету -  жастардың басты міндеті.

    Жастар жылы басталысымен Елбасымыз білекті де білімді жастардың басын қосып кездесу өткізуі үлкен істердің ұйытқысы болары анық. Бұл жастардың тың идеяларға толы, жалынды жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер береріне біз, жастар зор сенім артамыз. Мемлекет басшысының өзі жастар саясатын жоғары қойып, бізге сенім артып, мол мүмкіндіктер сыйлап отырғанының өзі біз үшін үлкен мәртебе әрі ұлттық рух сыйлайтын, Отанға деген ыстық махаббатымызды одан әрі арттырып, күш беретін ұлы күш.

А.Хаметжанова.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129693