Санаға қонымды қойылым

 15.02.2019ж

Ақпан  айының 7 жұлдызында Абай атындағы орта мектебінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы  аясында ауданымыздың мәслихат депутаты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Ұлдана Бегімбекованың  ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры - Мәңгілік ел    бастауы»    атты     іс-шара  өткізілді.

     Аталмыш іс-шараға аудандық мәслихат депутаты Е.Шоқпаров бастаған депутаттар корпусы және аудан  мектептеріндегі  директорлардың тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасарлары  қатысты.

     Ұлт  тарихының жеткілікті жеті қырын айшықтап, тарихи санамызды жетілдіруге мүмкіндік беретін  мақаланы насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараны аудандық мәслихат депутаты Ұлдана Қуандыққызы жүргізіп отырды. Ұлы даланың жеті қырын айқындайтын қойылымдар көрсетіліп, Мәңгілік елдің жас ұландары жыр шумақтарын арнады.   Кеш соңында аудандық  ішкі саясат  бөлімінің  басшысы М.Илипов сөз алып, рухани жаңғырудың жүйесі, жалғасы  саналатын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткізіліп жатқан  іс-шараны ұйымдастырушы аудандық  мәслихат депутаты Ұ.Бегімбековаға алғысын білдіріп, алдағы жұмысына  табыс тіледі. Сонымен қатар аудандық мәслихат   депутаттары  Т.Оспанов, Қ.Ахметқалиев, Көктал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Солтанқұлов және Абай атындағы орта мектеп директоры  Ұ.Жақыбаева  шараның жоғары деңгейде өткендігін айтты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы негізінде аудан көлемінде өткізілген бұл шара ұлт болып ұйысқан, еңселі еліміздің тарихының тереңде жатқанын тағы да бір айғақтай түскендей.

     Шара барысында мектеп көркемөнерпаздарының концерті тамашаланды.        

Жұмағазы  Нұрақынұлы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4149320