Үйден шықпай-ақ тіркеле аласыз

Елімізде Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ мекен-жай бойынша онлайн тіркелуге болады.  Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов жария еткен болатын. 

    2018 жылдың 25  ақпанынан      бастап    «Қазақстан Республикасы азматтарының тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуі» қызметі авоматтандырылды.

     Осыған дейін азамат мекен-жайы бойынша тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбамен бірге өтінішті толтырып, мұнан соң қолға түскен құжатты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ХҚКО-на апаратын болған. Осылайша жаңа мекен-жай жеке куәліктің чипіне түсіп,  бұл мәлімет ҚР ІІМ-нің базасына енгізілетін.

        Ендігі уақытта еgov.kz порталына өтініш түскеннен кейін қолданушы ХҚКО-ға бармайды. Себебі, аталған мәлімет бірден ҚР ІІМ базасында жаңартылады. Нәтижесінде кез-келген қолданушы жұмыстың нәтижесін 15 минуттың ішінде тексере алады. Ол үшін еgov.kz порталындағы «Мекен-жайлық мәліметтерді тексеру» немесе «Мекен-жай анықтамасын алу» қызметін  пайдалану қажет.

 

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4130475