Жаңа технология – жетістіктің кілті

Әрбір Жолдау – Қазақстанды дамытуға арналған қадамның қорғаушы күші. Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында бүгінгі күнгі өте маңызды он саланы  айтып берді.

     Қазақ елі индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу үшін  цифрлы технологияны жетік меңгеру – басты міндет. 

        Мәселен, электронды қызмет көрсетуді жетілдірудегі негізгі мақсат – халыққа сапалы қызмет көрсету. Ел онлайн қызметті пайдалану арқылы уақыт үнемдейді. Қазірдің өзінде интернеттің көмегімен теміржол, әуебилеттерін сатып алу, коммуналды төлемдерді, қаржы аударымдарын электронды түрде төлем жасау кеңінен қолданыста. Бұрынғыдай кезекте тұрып, билет алу үшін ел вокзалға барып уақыт жоғалтпайды.

      Тұрғын үй алу үшін қажетті құжаттарды, оқуға, жұмысқа тұруға қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ үйде, жұмыста отырып алуға және тиісті мекемеге онлайн тапсыруға мүмкіндіктер жасалуда. Мұның барлығы халықтың күнделікті тіршілігіне өте қажет.

     Жолдауда айтылған бүгінгі қоғамдағы маңызды мәселенің бірі – адами капиталды дамыту. Ол үшін елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға баса назар аударылып отыр. Мысалы, өткен жылдары үш рет көбейген зейнетақы мен жәрдемақы биыл да көбейді. Базалық зейнетақы – 29 пайыз, бала тууға байланысты жәрдемақы – 37 пайыз, мүгедектер мен асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақының әрқайсысы 43 пайызға өсті. Дәрігерлердікі – 28 пайыз, мұғалімдердікі – 29 пайыз, әлеуметтік сала қызметкерлерінікі 40 пайызға көтерілді.

     Ешқашан назардан тыс қалмайтын саланың бірі – білім беру. Халықаралық оқу стандарттарына сай келетін заманауи оқу бағдарламаларын қолданысқа енгізу – білім сапасын жоғарылатады. Мұғалімнің әлеуметтік жағдайының жақсаруы – білікті мамандарды даярлаудың алғышарты.  Елбасымыз Н.Әбішұлы  мұғалімдердің жалақысын 30-50 пайызға дейін жоғарылайтынын айтты. Осы мақсатта биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлінбек.

     Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз керек.

Гүлпаран

Дәукенқызы,

«Аружан» балабақшасының тәрбиешісі,

Басқұншы ауылы.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129894