Жаңарудың жарқын жолы

Қ а з а қ с т а н  Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші  өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа  мүмкіндіктері» атты Жолдауында еліміздің алдында тұрған негізгі он міндеті айтылған.

    Сондай-ақ Елбасы әлемнің төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық жәнеәлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басқанына қарай жоспарлы іс-әрекеттерді белгілеп берді.

 М е м л е к е т  басшысының Жолдауында айтылғандай «Ақылды  технологиялар», «Цифрлы дәуір», «Жасыл технология», «Үлкен деректер», «Цифрлы білім», «Адами капитал» - мұның бәрі білім және ғылым жүйесі қызметінің нәтижесі. Жаңа іс-әрекеттер білімнің салтанат құруы негізінде жүзеге асады. Жол-

дауда айтылған он міндетте мемлекеттің атқаратын рөлі анық көрсетілген. Себебі экономиканың жаңаруы барысында мемлекет белсенді рөл атқаруы керек.

Ермек СҰЛТАНОВ,

аудандық мәслихат

депутаты