Сақтандырудағы цифрландыру

Заң жобасының басты жаңалықтарының бірі-тұтынушылар көптен бері күтіп отырған онлайн сақтандыруды енгізу.Банктерде онлайн-қызметтерді ұсынудың түрлі нысандары бұрыннан енгізіліп,

сәтті пайдаланылатыны белгілі. Сақтандыру нарығында заңнаманың ерекшеліктеріне қарай онлайн қызметтер әлі тиісінше дамымай отыр.

     Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышевтің айтуынша, Қазақстанда қаржылық қызметтердің өңірлерде, бірінші кезекте, облыс орталықтарынан тыс және ауылдарда қолжетімділігі туралы мәселенің өзекті екендігін еске салды.

     Автокөлік иесі сақтандыру компаниясының сайты арқылы сақтандыру полисін онлайн ре­жимде сатып алатыны болжанады.

    Бұдан кейін клиент бірыңғай сақтандыру дерекқоры арқылы сақтандыру шартының бірегей нөмірін алады. Барлық деректер осы дерекқорда нақты уақыт режімінде болады. Бірыңғай сақтандыру дерекқорына онлайн-кіру есебінен жол полициясы қызметкерлері тәулік бойы кез келген жұмыс немесе мереке күні қағаздағы полисті талап етпей, автокөлік иесінің сақтандыру құжатын тексере алады.

(ӨЗ ТІЛШІМІЗ).