Электрондық сауда-тиімді әдіс

Қазақстан Республика­сы Салық Кодексінің 1-бабының 65-тармағында тауарлардағы электрондық сауда мәселесі қарастырылған болатын. Тауарлармен электрондық сауда төмендегі шарттар бойынша сақталған кезде жүзеге асады:

 -тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді рәсімдеу электрондық нысанда жүзеге асы­рылса;

-тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

-тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді та­сымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (неме­се) пошталық қызметті жүзеге асы­ратын тұлғаллармен шарттар бол­са, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі

кәсіпкерлік қызмет.

  Салық Кодексінің 1-бабының 29-30-тармақтарында интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары беріліп отыр.

Салық Кодексінің 293-бабының 3-тармағы бойын­ша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының 100 пайызға азайтылуы қарастырылуы себепті электрондық сауданың кәсіпкерлер үшін тиімділігі жоғары деп есептеймін.

   Электрондық са­уда жасауда тараптар бір-бірімен мәмілелерді рәсімдеуде қойылатын негізгі талаптарды нақтылау, қосымша шығындарды талап ететін шығындарды делдалдықты болдырмау, өзара жауапкершілікті күшейту, уақыт үнемдеу, қызмет сапа­сын көтеру сияқты аса маңызды мәселелерді заң шеңберінде әрі өздеріне экономикалық тұрғыда

тиімді түрде шешуге мол мүмкіндіктер алатын болады.

    Мен жеке кәсіп иесі ретінде барлық са­уда операцияларының ашықтығын, салық төлемдерінің дұрыс төленуін қамтамасыз етілуін жүзеге асыруда электрондық сауданың оның барлық қатысушыларына да аса қолайлы екенін өз қызметімде сезінгендіктен, ғылым мен технология ғасырында оның болашағы зор екеніне сенгендіктен әлемдік қауымдастықта кеңінен қолданыста жүзеге асырылып жатқан электрондық сауда жүйесін бір ауыздан қолдаймын және оның игілігін бүкіл қоғамымыз болып көруіміз керек деп есептеймін.

Мұхит СЕРІКБАЕВ,

жеке кәсіпкер.