Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Елбасының  «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  және электронды мемлекеттік қызметтерді тұрғындар арасында кеңінен насихаттау, аудан тұрғындарының цифрлық сауаттылығын  арттыру жөнінде кеңінен  ақпараттық  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

      Халықты электронды қызмет алуға оқыту кестесіне сәйкес аудан әкімі аппараты мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы  «ХҚКО» Департаменті  Панфилов аудандық бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жуырда Басқұнша  ауылдық округінде  оқыту семинары  болды.

    Семинардың  бірінші кезеңі мемлекеттік  қызметшілердің,  келісім-шарт бойынша қызметшілердің қатысуымен өтсе, екінші кезеңі  Елтінді  батыр атындағы орта мектепте ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері, медицина қызметкерлерінің  қатысуымен өтті.

    Семинар жұмысында слайдтар, «Электронды үкімет порталына»  тіркелу, қызмет алу бойынша іс жүзінде әдістемелік көмектер көрсетілді.

(Өз тілшіміз)