«ЦИФРЛЫ БІЛІМ» БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

27.07.2020ж
Елімізде 2025 жылға қарай халықтың цифрлық саауаттылық деңгейін кемінде 87 процентке жеткізу үшін бірыңғай жұмыс алгоритмі әзірленбекші.
Премьер министр Асқар Маминның айтуынша Қазақстанда цифрлық дағдыларды оқыту және IT мамандар даярлау бойынша «Цифрлық білім» жаңа бағдарламасы іске қосылады. А.Мамин жылдан жылға цифрлық біліктілікке қажеттілік артып келе жатқанын атап өтті. Технологиялық жаңғырту, цифрлық алаңдардың мүмкіндіктері, жасанды интеллект, өндірісті автоматтандыру кадр даярлауды өзгерту мен адами капиталды дамытуды талап етеді.
Алдағы уақытта барлық өңірлерде заманауи компьютерлік жабдықтар мен робототехника кабинеттері, мектептерге арналған STEM – жаңа ғылыми-техникалық оқыту әдіснамасын қосымша сатып алуды қамтамасыз етуі тиіс.
Өз тілшіміз.