Мобильді болашақ: мобильді кітапхана

07.06.2019ж

Қазіргі ақпараттық технологиялар күннен күнге дамып, барлық ақпарат ғаламтор желісі арқылы қолжетімді заманда көркем әдебиет, газет-журналдың электронды нұсқасын телефонға жүктеп оқи алатын болдық. 

     Осыған орай, Пенжім орта мектебінде «Мобильді болашақ: мобильді кітапхана» атты 50-ге жуық QR-код  арқылы оқылатын әдеби кітаптардың электронды нұсқасының ашылуы өтті. Жобаның ашылу рәсімі Алтынкөл станциясының басшысы  Айбек Мұратұлы мен аудан әкімдігінің аппарат басшысы  Ербол Абылайханұлына тапсырылды.

     Мектеп директоры Г.Тоқтарбекова QR-код  арқылы мектеп оқушылары және ата-аналар қалаған кітапты смартфонына жүктеп алуына болатынын айтып және бұл жерде 50-ге жуық Абай жолынан бастап, балалар көркем әдебиеті, шетел және қазақ классиктерінің туындылары, сонымен қатар ғылым,ақпарат жайында кітаптардың электрондық нұсқалары баршаға қолжетімді екенін айтып өтті.

     Жалпы QR-код  туралы қысқаша айта кететін болсақ, ол кез-келген ақпаратты цифрландыруға мүмкіндік береді. Ұялы телефоныңызда арнайы қосымшаны  Play Market  немесе AppStore арқылы жүктеп алсаңыз болғаны.

                             А.  Рамазанова,         

Пенжім орта мектебінің

кітапханашысы.