САНАТТЫ ДА САУАТТЫ БОЛАЙЫҚ

19.04.2019ж

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде еліміздің барлық аймақтарында цифрлы сауаттылыққа оқыту курстары басталған болатын. Осындай оқыту курстарына әртүрлі санаттағы білім беру мекемелерінің оқытушылары, түрлі мекеме қызметкерлері қатысып, өз білімдерін жетілдіріп келеді.

 

     Қазіргі таңда халықтың уақытын үнемдеп, жылдам әрі сапалы қызметтер көрсету мақсатында әртүрлі ғаламторлық порталдар қызмет жасайды. Атап айтқанда барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар, банктер, пошта қызметтері электронды форматқа ауысып, жұмыс жасауда. Солардың бірі ретінде  e-gov.kz электрондық үкімет порталын айтуға болады. Ол азаматтардың мемлекеттік қызметтерге жылдам қол жеткізуі үшін жұмыс істейді. Бұл – түрлі анықтама, лицензиялар алу, өтініштер беру, есепке қою, тіркеу және тағы басқа да сервистерді қамтиды.

     Қорыта айтсақ, аталған бағдарлама аясында халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін  2022 жылға дейін 83%-ға өсіруге бағытталған жұмыстар кезең кезеңмен орындалып жатыр.