22.03.2019Ж
Цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіс екенімізді үнемі басты назарға қою керек.
Осы бағытта елімізде жаңа технологияны жетік меңгере түсу үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ол 4 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Бірінші бағытын айта кетсек – ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру. «Цифрлы Қазақстан» тек бір ғана IT саласын ғана емес, сондай-ақ, қоғамдағы өзге де салаларды дамытуға бағытталған. 2019 жылдың 21 ақпан күні Жаскент ауылдық округ әкімі аппаратында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша семинар ұйымдастырылды.
Семинар - мемлекеттік қызметтерді дамыту, азаматтардың құқықтары мен электронды мемлекеттік қызметтерді алу барысын түсіндіру мақсатында өткізілді. Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараға аппарат мамандары мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
Жаскент ауылдық округ әкімі
аппараты мемлекеттік мекемесі.