Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Мемлекеттік шекара» кітабын шығарды

06.11.2021ж

Кітап өзінің қалтқысыз қызметі арқылы мемлекеттік шекараны күзету ісіне өлшеусіз үлес қосқан жасыл күнқағарлы жауынгерлерге арналады. «Мемлекеттік шекара» кітабындағы әңгімелер мен очерктер қатарына тәуелсіз Қазақстанның Шекара қызметінің даңқты шежіресіндегі кейбір ғана айтулы деген оқиғалар кіре алды. Мұнда шекараның алдамшы тыныштығы, жасыл күнқағарлылардың тынымсыз күндері, әрбір қазақстандық үшін қасиетті саналатын ел шебін күзету кезіндегі бастарынан кешірген шиеленіске толы оқиғаларымен ерекшеленеді. Кітапты қолына алып, беттерін ашқан сәттен бастап, оқырман өзін кейіпкерлермен бірге ел шебінде жүргендей, біресе жаяу, бірде атпен, тағы бірде итпен бірге қаруын серт ұстап, тау асып, тас басқандай, су кешіп, теңіздің толқындарына қарсы жүзгендей әсерге бөленеді.
Шекарадан өткізуге қатаң тыйым салынған есірткі затын тасымалдаушыны құрықтап, таудың ішінде мал бағып бұйығы тіршілік кешіп жатқан шопанның жанұясын кепілге алған қылмыскерден тайсалмаған шекарашыны су да, өрт те алған бетіне қайтара алмайтынын «Мемлекеттік шекара» сыр қылып айтып береді.
Кітапты қолына алған шекарашы ардагер өзімен бірге қызмет атқарған қаруласымен қауышады, ал кіші буын шекарашыны жаңа ерлікке жетелейді.
Бұл кітап – қоғам дамуына үлес қоса алатын үлгілі еңбек. Әсіресе, өсіп келе жатқан жастарға тәуелсіз еліміздің тыныштығы шекарадан басталатынын үйрететін тамаша дүние. Өйткені шекара – Отанымыздың айнасы.
«Мемлекеттік шекара» - шекарашылар үшін ғана емес, әскери өмірден тысқары қарапайым адамдар үшін де оқылымды. Сол себепті жалпы оқырманға арналған.
________________________________________
Комитетом национальной безопасности в преддверии 30-летия Независимости Республики Казахстан выпущена книга «Государственная граница».
Издание посвящено воинам в зеленых фуражках, которые своей беззаветной службой внесли достойный вклад в дело охраны Государственной границы.
Рассказы и очерки, собранные в книге «Государственная граница», - лишь некоторые эпизоды славной летописи Пограничной службы суверенного Казахстана. Но они дают возможность проследить жизнь границы на различных этапах. Своеобразной хроникой подвигов проходят через всю книгу короткие рассказы о тех, кто оберегает в бессменном дозоре передний край Отечества.
Пресечение провоза наркотических средств в особо крупных размерах, ликвидация каналов нелегальной миграции, погони и перестрелки с браконьерами, оказание помощи гражданам в период чрезвычайных происшествий – легли в ее основу.
Старшее поколение читателей найдет на страницах книги знакомые имена, в свое время опубликованные в печати, в указах о награждении. Это будет встреча с добрыми старыми друзьями. Молодой читатель обретет друзей, новых героев, которым захочет подражать, ибо примеры мужества, стойкости, бдительности всегда помогают формированию человеческого характера.
Думается, рассказы будут интересны как человеку военному, так и далекому от армии. Потому адресуется широкому кругу читателей.