Қасіретпен келген қасиетті жеңіс

15.10.2021ж

Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан  оқиғасына биыл 35 жыл...

            35 жыл! Алайда, сол  желтоқсанның бет қаратпас ызғырығы әлі өше қойған жоқ.            Қылышынан қан тамған Мәскеу билігі тұсында желтоқсаншыларды ұлтшылдар», «есірткі-арақпен есірген бұзақылар» деген айыптаудан арашалап қалған жандарды халық ешқашан  ұмытпайды. Мұхтар Шаханов бастаған комиссия сол жылдардың ақиқатын ашуға көп  еңбектенді.

 

 

                 Жалпы    желтоқсандықтар-нағыз қаһармандар. Қазақ елінің азаттығы, тәуелсіздігі үшін жанкештілікке барған Кенесары хан, Махамбет пен Исатайлардың жолын жалғап, ұлт мүддесі үшін жанын қиған батырлар келешек ұрпаққа үлгі. Уақыт өте келе, желтоқсан қаһармандарының есімі тарихта алтын әріптермен қалатынына сенеміз. Таудың етегінде тұрғанда  оның биіктігі байқалмайтыны, одан алыстай   түскен              сайын айқын көрінетіндігі сияқты жылдар өткен сайын бұрынғы азаттық үшін күрескен  хандарымызда  өз дәрежесінде бағаланады деп есептеймін. Күрес жалғыз ел егемендігі жолындағы шайқас.  Бұл күннің маңызы жыл артқан сайын еселене түсуде.

   Десек те желтоқсан батырларының образдарын насихаттау, әсіресе, жастар арасында танымал ету жұмысын мықтап қолға алу керек. Олар да ет пен сүйектен жаралған жандар, сол күндері рухының биік екенін таныта білген қаһармандар! Желтоқсан - қаншама боздақтың өмірі мен болашағын қиған ұлттық трагедия. Бірақ, сонымен бірге, Желтоқсан - орасан зор күш-қуаты бар жасампаз құбылыс, керек десеңіз, осы күнге дейін жалғасып келе жатқан үздіксіз процесс! 1986 жылғы Желтоқсан  туралы ұмытпауымыз қажет!

            Тәуелсіздіктің ақ таңы атқалы өшкеніміз жанып, өлгеніміз  тірілді  деп  бөркімізді аспанға атқанымызбен, бұл күннің қадірін ұғып, қасиетін бағалар ұрпақтың аз екендігін айтудан танбай келеміз. Ерлік пен өрлікті бойында қатар ұштастырған қайсар жандардың қаһармандығын  бүгінгі ұрпақ білмейді, түсінбейді деп кінәлайтындар тағы бар. Жалпы, тәуелсіздік  ұғымын  жастардың санасына сіңіре алмаса мемлекет өзі кінәлі емес пе? Бүкіл қала, ауыл көшелерінде, билбордтағы жарнамаларда ашылатын сауда, дүкендердің жеңілдіктердің жарнамасы жаңғырып тұр. Ұрпақ бұл күннің қадірін түсінсек, қадірлесек, құрметтесін десек, осындай орындарға тәуелсіздік  тарихынан сыр шертетін тағылымды дүниелерді насихаттап,    жастарды тың дүниелермен сусындатса қайда қалды? Асқан ерлігінің, жігерлі намысының арқасында қазақ еліне тәуелсіздікті тарту еткен Желтоқсан қаһармандары жастардың культіне арналу үшін де олар туралы  айтылар мағлұмат аз болмауы керек емес еді...

            Талай зұлмат пен зардапты басынан кешкен мемлекітіміз үшін тәуелсіздік жеңістердің жеңісі. Қасіретпен келген қасиетті жеңісті бағалаудан, мемлекеттің  ұрпақтары үшін төл тарихын қастермелеуден артық ештеңе жоқ шығар.

            Алаштың  айбынын асқақтатқан айтулы  күн Тәуелсіздік алғанымызға биыл 30 жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан құқықтық жүйені жаңғыртуда, экономикада, әлеуметтік салада, ұлттық мәдениетті жандандыруда зор жетістіктерге  қол  жеткізді. Тәуелсіздік  жылдары қол жеткізген жетістіктерімізді көре білу, дәріптей білу де керек дүние. Десек те Желтоқсан көтерілісі де естен шықпау керек.

Бағдат  Бейсенқызы.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4143826