Азаттықтың таңы

20.08.2021ж

Биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне — 30 жыл! Егемен еліміз үшін бұл айтулы мереке. Еліміз тәуелсіздігін қайта қалпына келтірген жылдары алдыда үлкен міндет тұрды. Ол — халықтың әл-ауқатын жақсартып, елімізді ең озық мемлекеттердің қатарына қосылу.

Ал бұл мақсат жолында әрине атқарылатын жұмыстар легі өте көп еді. Осы ретте әр саланың өзіндік алар орны мен қосар үлесі көп болды. Соның ішінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев маңызды міндеттердің бірі — білім беру сапасын жақсарту екендігін айтқан болатын. Бұл үшін Елбасымыз көп еңбек етті. «Қазақстан — 2030», «Қазақстан — 2050» стратегияларын ұйымдастырып, әр жыл сайын халыққа Жолдау жасап, дамыған мемлекеттердің алдыңғы қатарына шығуымызға бар күшін салды. Елбасының сарабдал саясатының арқасында біз әлемдік аренаға шықтық. Қазақстан деген алып мемлекеттің барын өзге елдер жақынырақ тани түсті.
Әсіресе, білім, ғылым жолын қуған жастарға «Болашақ» бағдарламасы арқылы шетелде білім алу бақыты бұйырып келеді. Мұның бәріне, әрине, Елбасының саясат, экономика секілді істермен қатар, қоғам үшін маңызды барлық саланы назардан тыс қалдырмауы да сеп болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Елбасының сарабдал саясатын жалғастырып, еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында аянбай еңбек етуде. Тәуелсіздігімізді қайта қалпына келтірген сәттен бастап күні бүгінге дейін еліміз алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуды, «Әділетті қоғам» құруды мақсат етіп келеді. Осы ретте отыз жылдың ішінде қаншама жұмыстар атқарылып, қаншама тер төгілді десеңізші. Халықтың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарып, білім деңгейі өсу үстінде. Жыл сайын мыңдаған студенттерімізге шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарынан білім алуға мүмкіндік жасалуда. Медицина саласында ақ халатты абзал жандар да халық денсаулығы үшін аянбай тер төгіп, еңбек етуде. Бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бақытты да тату-тәтті, ынтымақтастықта өмір сүруде. Ұлан-байтақ мекенде осылай бейбітшілікте өмір сүрген қандай бақыт!
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4144056