ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЛЫҒЫ

20.08.2021ж

Қазақ елі – тәуелсіз   мемлекет, дербес, азат ел. Егемен ел болғанымызға биыл 30 жыл толады. Тарих үшін бұл, әрине, көп уақыт емес. Бірақ жер бетінде тәуелсіздігін сақтай алмаған, азаттықты аңсап жүрген қаншама елдер бар.

Олар дербестігін алып әлемге танылмақ түгілі, әлі күнге дейін  бостандығын ала алмай жүр. Ал қазақ елі 30 жыл ішінде іргелі, әлем таныған мемлекетке  айналды. Бұған   тәубе   деуіміз   керек.

Дүние жүзінде 6000-ға жуық ұлт пен ұлт тілдері бар екен. Солардың бәрі бірдей мемлекет емес, БҰҰ-ға мүше болып, тең дәрежеде мойындалғаны - 193 мемлекет қана. Ал сол 193-тің қатарына қосылуды аңсап жүрген халық қаншама? Сондықтан да біз тарихымызды саралай отырып, Тәуелсіздіктің танымын терең сезінуіміз керек.
Тәуелсіздігіміздің арқасында Қазақстан қарыштап дамыды, барлық жағынан ел абыройы әлемге асқақтады. Шет елден миллионға жуық қандастарымыз көшіп келді. Тәуелсіздік болмаса, олар қалай көшіп келер еді. Бүгінгі күні Қазақстан әлемдік саясатта, экономика мен өмірдің өзге де салаларында өзіндік орны мен күші бар мемлекетке айналды. Осының барлығы да - Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4138628