19 миллионға жеттік!

13.08.2021ж

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттер парақшасында Қазақстан халқы 19 миллионға жеткенін хабар­лады.

 

            «Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Қазақстан халқының саны тарихи ме­жеден өтті. Алматы облысы­нан Жәния Азаматқызы 19 миллионыншы азамат бол­ды» деп жазды Қ.Тоқаев.

Жәния Азаматқызы 2021 жылғы 20 маусым­да дүниеге келді. Алматы қаласында туған, отбасында 4-ші бала туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің (ата-ана­сы Назгүл Көбенбаева мен Азамат Нұрғалиев) Алматы облысы, Іле ауданында тұрады.

            Жәнияның ата-ана­сын құттықтауға Алматы облысы әкімінің орын­басары А.Дандыбаев пен Іле ауданының әкімі Б.Қарасаев келді. Олар отбасын сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан «Алғыс хат» пен 1 000 000 теңге сертификатын, сондай-ақ балаға сыйлық берді.

Көбей қазақ! Сәбидің жасы ұзақ болсын! Қазақ елі өсіп-өркендей берсін!