АТА ЗАҢ – АЛТЫН ТҰҒЫРЫМЫЗ

06.08.2021ж

      Биыл егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғалы 30 жыл уақыт өтті. Осы тәуелсіздігімізді паш етіп, зайырлы еліміздің даму бағыттарын белгілейтін басты құжат, алтын тұғырымыз – Ата Заңымыз. Құжатта еліміздің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

 

Осыдан 26 жыл бұрын еліміз үшін тарихи шешім қабылданып, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан болатын. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айнал­ды.

 Бүгінде егеменді еліміздің басты тірегіне айналған Ата Заңымыз әлем елдеріндегі ең жас Конституциялардың бірі ретінде саналады. 26 жыл аралығында Конституциямызға бірнеше мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Мұның барлығы ел халқына ортақ құндылықтардың сақталып, заң үстемдігін берік ор­нату, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қатаң сақталуы мақсатында болғаны баршамызға мәлім. Осылайша Ата Заң халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды.

Ата Заңымыз бүгінде халқымызды біріктіріп, мемлекетімізге деген патриоттық сезімді арттырып, құрметімізді нығайтуға бағытталған айшықты құжат. Ендеше, Ата Заңымызды ардақтауға бірге атсалысып, ардақтайық ағайын!

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.