Тәуелсіздік - тұғырым

06.08.2021ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты ағымдағы жылдың қаңтар айында мақаласы жарияланған болатын. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Президент егемендіктің 30 жылдығына қорытынды жасап, болашаққа бағдарды айқындап берді.

Биыл – Тәуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Біздің уақытымызда өткен оқиғалар бәрімізге өте қымбат.
Мемлекеттің саясаты ең алдымен еліміздің рухани дамуы мен патриоттық тәрбиеге бағытталған. «Рухани жаңғыру» негізінде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі - «Туған жер».
Тәуелсіз қазақ жері - бұл әдемі және еркін ел! Қазақстан - ұлы мемлекет. Бүгінгідей Қазақстан еркін және тәуелсіз мемлекет болуы үшін ата - бабаларымыз ғасырлар бойы қаншама тер төкті. Тәуелсіздік күні - бұл жай ғана мереке емес, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерін аман өткізіп келеміз.
Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі ерекше. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі. Халықтық реформалар арқылы жаңа деңгейдегі мемлекетке айналуды көздейтін маңызды бастамалар іске асырыла бастады. Әлеуеті бүгінгіден әлдеқайда аз болған заманда да егемендік туын еңкейтпеген қабырғалы халқымыз бұл кезеңнен де абыроймен өтеріне бек сенеміз.
Марат Рахымбердіұлы,
Қазақстан Заңгерлер Одағының мүшесі, Панфилов ауданаралық Әділет басқармасының
басшысы

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2719603