Ел бірлігі - ең асыл қасиет

06.08.2021ж

Қазақстан өз саяси дамуында демократиялық даму жолын таңдайтындығын саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендікке ие болған алғашқы сәттерден бастап-ақ мәлімдеген болатын. Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміз дамуында өз келбетімізге тән, өз ерекшеліктерімізбен өз тұтыныстарымызға толық жауап беретін демократиялық саяси құрылымдар мен институттар жүйесін дамытуды қолдап келеді.

Осы міндеттерді оңтайлы шешу мақсатында Елбасының тікелей бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғаны белгілі.
Қазақстан Республикасының демократиялық дамуының маңызды жетістіктерінің бірі діни төзімділік пен этносаралық келісім негізінде саяси тұрақтылықты сақтау болып отыр.
Қазіргі Қазақстан әлемдегі көп этносты мемлекеттердің бірі болып табылады. Тәуелсіздік мәртебесін алып, бүгінгі таңда, қоғамда болатын тікелей қарама-қайшылықтардан кетуге және саяси-экономикалық жүйені тұрақтандыруға мүмкіндік алдық. Қазақстан этносаралық келісімге жетудің ерекше институтын құру арқылы, қоғамның гүлдену мақсаттарын ұстанып, әртүрлі этнос өкілдерінің азаматтық бірлігін сақтап отыр.
Қазақстан халқының тату-тәтті өмір сүруі мен ынтымақтастығын, көптүрліліктегі бірлікті бейнелесе, бұл - Қазақстанның жаңа тарихының ең үлкен жетістігі.
Б.Бейсенқызы.