Тәуелсіздік нышаны - мемлекеттік рәміздер

06.08.2021ж

Қай елдің болса да тәуелсіздігін айқындайтын мемлекеттік рәміздері болады. Біздің елдің мемлекеттік рәміздеріне ҚР мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Гимні жатады.


Елбасымыз Н.Назарбаев мемлекеттік рәміздеріміз жайлы: «Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасы мен Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар - халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылығымыз», - деген болатын.
Иә, тәуелсіз елдің негізгі нышаны - мемлекеттік рәміздер. Сондықтан да еліміздің әрбір азаматына бала кезден рәміздерді құрметтеу арқылы отансүйгіштік сезімін қалыптастыруымыз қажет.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Сол себепті де рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың азаматтық парызы.
Расында, түрлі жиындарда, спорттық жарыстар мен іс-шараларда көк туың көк аспанда желбіреп, Әнұраның шырқалғанда кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді. Әсіресе, Олимпиада төрінде байрағың тұғыр биігінен көрініп, мемлекеттік Әнұраның орындалғанда қалай ғана тебіренбейсің. Кеудеңді мақтаныш сезімі кернеп, асқақ үнің бар таулардың биігінен жаңғырып шығып тұрғандай естіледі. Жігерленесің, рухтанасың! Осылайша мемлекеттік рәміздеріміз жастардың отансүйгіштік сезімін оятып, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Бұл да бір Тәуелсіздігіміздің тәтті сыйы болса керек.
(Өз тілшіміз).

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4131654