Тіл - ел байлығы

12.07.2021ж

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы» деп қазақ тілінің мәртебесі жайлы баса айтқан болатын.


Шынында, тіл - ел байлығы. Оны құрметтеу, сақтау, оған аса жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың міндеті. Елімізде өз ана тілін әлі күнге білмейтін адамдар аз емес. Солардың көбісі ана тілінде сөйлеуге талпынса, ниет етсе, тез арада-ақ үйреніп кетер еді. Бұл ретте Президентіміздің: «... Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты» деген сөзі ойға оралады. Иә, көп нәрсе негізі ниетке байланысты ғой. Тіл үйренуге шын ниет етсеңіз, оны тез-ақ үйреніп кетуге болады.
Қазақ тілінің мәртебесі жайлы айтқанда, біраз мәселелер шығатыны да бар. Солардың бірі жайлы Мемлекет басшысы: «Ана тілімізді кеңінен қолдану – басқа тілдерге, әсіресе орыс тіліне шектеу қойылады деген сөз емес. Барша этнос өкілдерінің ана тілін, салт-дәстүрін дамытуға мүмкіндік жасала береді. Жастарымыз бірнеше тіл білу өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатынын жете түсінгені абзал» деген болатын.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»,- деп Қадыр Мырза Әли атамыз айтпақшы, өз тілімізді құрметтейік. Қазақ тілінің мерейі әрқашан үстем бола берсін!
Б.КЕҢЕСБАЙ.

Күнтізбе

« Тамыз 2022 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

booked.net

  • Материалды қарау саны : 2737171