Жарқын жүздесу

23.06.2021ж

Иә, расымен де мектебімізде жарқын жүздесу болды. Араға қырық жыл салып, Х.Көбіков атындағы орта мектептің түлектері Сарыбел ауылына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналды. Соңғы қоңырау үнін қайта естіп, ұстазы Баян апайдың тәтті естеліктерін тыңдасты.

Оқушы кездегі өз жазуларын ұстазы Баян апай көзінің қарашығындай сақтаған екен, соны көріп баладай шаттанды. Мектебін сағынған, бала күнін аңсаған шәкірттеріміз өздері отырған партаға отырып, тілегін айтып, мәре-сәре болды.
Жүректерінен иман, жүздерінен нұр төгілген түлектер туған жерге келіп, Алла үйінен құран оқытып, ауыл хатымханасына арнайы қол ұшын берді. Сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өздері түлеп ұшқан білім ордасын да ұмытпай, мектеп ауласына шырша егіп, ұстаздарының ақ батасын алды. Дана қазақ, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп бекер айтпаса керек. Мектебіміздің мақтанышы болған түлектеріміздің алды М.Илипов сынды Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімін басқарып отырса, соңы сонау Ресей елінен Рая сынды қыздарымыз ат арылтып келді. Бәрі бір-бір кірпіш болып қаланып, ел дамуы үшін, туған жердің игілігі үшін қызмет етіп жүр. Ұстазға бұдан асқан бақыт жоқ шығар, сірә?! Ұстаздан шәкірті озып, ел дамуы үшін игі істер атқарса, тек қуанғаннан басқа айтарымыз жоқ! Ел аман, жұрт тыныш болсын! Саналы ұрпақтардың қатары арта берсін!
Бағдат Қожақанқызы,
Сарыбел ауылы «Х.Көбіков
аом МДШО» КММ-нің
директоры.

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4129493