Жасампаздық жолы

20.05.2021ж

1992 жылы, 3 ақпан

Алматы қаласында Америка Құрама штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің ашылу салтанаты болды. Бұл шет мемлекеттердің Қазақстанда ашылған тұңғыш елшілігі.
1992 жыл, 2 наурыз.


Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Осылайша халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект ретінде еліміздің әлем мемлекеттерімен ықпалдасуы басталды.
БҰҰ Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, 1945 жылы қазан айының 24-інде екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған әлемдегі ең беделді халықаралық ұйым. БҰҰ-ның бас органы бас Ассамблея болып табылады.
1992 жыл, 16 наурыз
Мемлекет басшысының №673 Жарлығымен Қазақстан Республикасының республикалық Ұланы құрылды.