Ізгілікті істердің сауабы үлкен

14.05.2021ж

«30 жылдыққа-30 игі іс» шарасы аясында ауданда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы одан әрі жалғасуда.

Аудан және округ әкімдіктердің қызметкерлері мен еріктілер көпбалалы, аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты. Рамазан айында сондай-ақ мешіттерде азық-түлік себеттері өлшеніп, орап, таратуға дайындалды. Олар мұқтаж отбасыларға тасымалданды.