Тәуелсіз елдің ұланымыз
- Толығырақ
- Жарияланды 14.05.2021 07:34
- Автор: Super User
- Категория: Тәуелсіздікке 30 жыл
- Қаралды: 693
13.05.2021ж
Үшарал орта мектебінде Республикалық біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы комитетінің қатарына салтанатты қабылдау шарасы ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде өткізілді. Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада «Жас ұлан» қатарына 5-сынып оқушыларынан 30 оқушы, «Жас қыран» қатарына 2-сынып оқушыларын 30 оқушы қабылданды. Ұйым қатарына қабылданып жатқан оқушылар патриот болуға, ел мен жерді қорғауға, ата-ананы қадірлеуге, оқуда озат, еңбекте алда болуға, табиғатты аялауға ант берді. Оқушылардың кеудесіне төсбелгі және көгілдір түстес галстук тағылды. Шара барысында мектеп басшысы Қ.Буканов ұйымға қабылданып отырған оқушыларға өзінің жылы лебізін білдіріп, ата-аналарды 7 мамыр Отан Қорғаушылар күнімен, 9 мамыр Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерекесімен құттықтады.
Тәуелсіз еліміздің іргетасын мықты қалайтын нағыз патриот, адал, еңбекқор, шыншыл ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыз талмай еңбек етуде. Бүгінгі ұйымға қабылданып отырған оқушыларымыз ұстаздарының еңбегін ақтап, еліміздің болашағына үлкен үлесін қосады деген сенімдеміз.
Ұ. Қызайбаева,
5 «а» сыныбының жетекшісі.