Тәуелсіз елдің баласымын

13.05.2021ж
Мен елім Қазақстанды жан-тәніммен сүйемін. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз тәуелсіздікті 1991 жылы алдық. Қазақ елі 1992 жылы БҰҰ-ның мүшесі болды. 1991 жылы Елбасының Жарлығы бойынша Семей полигоны жабылды. Біз ТМД Мемлекеттерінің ішіндегі экономикасы дамыған елміз.
Егемендік алғалы білім беру мекемелері, денсаулық сақтау саласы жақсарды. Қазақ елі - байтақ, бақытты ел. Мен өз еліме тыныштық, жақсылық тілеймін.
Сырым Бейсен.