Бабамнан қалған аманат

06.05.2021ж

Тәуелсіздік  -  ол тәңірдің бізге берген тартуы. Әрине  егемендікті алу оңай жолмен келмеді. Қазақтың намысты ұл-қыздары өмірлерін қатерге тігіп тәуелсіздікті алып берді. Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын, елінің азаттығы мен еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларын біз ешқашан ұмытпаймыз, мәңгі әрқашан есімізде сақтаймыз.

 

           Егемендік  жолында  еліміз ешқашан  мойымай, күресе  білді. Тәуелсіз ел болатынына кәміл сенімді болды. Сол үшін атқа мініп, қолына қаруын алып жауға қарсы тұрды. Ата-бабаларымыз ашаршылықты да, көз алдында мерт болған қаншама адамдардың  қанын да  көрді.

           Биылғы жыл еліміз үшін өте үлкен мерейтой. Тәуелсіз мемлекет болып келе жатқанымызға                  30 жыл толды. Осы жылдар ішінде еліміз өте үлкен істермен, маңызды жағдайларды басынан өткізді. Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ нағыз батыр халық екенін мойындайсың. Бабаларымыз қонып, көшіп жүріп үш нәрсені биік ұстаған:  ел мен жер және ұлттық қазақ тілін.

                Ендігі кезекте біз де ел мен жерімізге және тілімізге осындай құрмет көрсетуіміз керек.  Бабаларымыздан бізге аманат болған елімізді, жерімізді көгертіп, анадан келген ана тілімізді сатпай сақтап, үш байлыққа құрмет көрсету елімізде туып өскен әрбір адамның міндеті болуы тиіс.

Сымбат  Әбдіреш.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4145453