Ерліктің ұмытылмас көзі

30.04.2021ж

2021 жыл - ерекше жыл. Ерекше болатыны  еліміздің тарихындағы екі бірдей елеулі оқиғамен  есте қалғалы тұр. Біріншісі - еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Екіншісі, сол Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісінің  35 жылдығы. Екеуі де бір-бірімен  біте қайнасқан, етене жақын оқиғалар.

  ХХ ғасырдың соңына таман дүниені дүр сілкіндірген қазақ жастарының «Тәуелсіздік» жолындағы жанқиярлық ерліктері тарихта алтын әріптермен жазылды. Сол  1986 жылдың жаңғырығына  міне, биыл 35 жыл болыпты. Отыз бес жыл...

            Сол кездегі ызғарлы қыста «Сайқымазақ саясаттың әділетсіздігінен»               Отанын қызғыштай қорғаған  өрімдей жас боздақтардың жасындай. Бір боздақтың  жасындай  екен-ау!

            Біз биыл Желтоқсан   көтерілісінің 35 жылдығын аза тұтып және кеудемізді мақтаныш кернеп атап өтуіміз керек. Аза тұтатынымыз - сол күндері жастар шеруге шыққан  алаң  қанға          боялды.    Қазақ                  жастарын аяусыз ұрып-соғып,   итке талатты. Қыздардың бұрымынан   сүйреп, ар-намысын аяққа таптады. Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды  азаматтарымыз  құрбан  болды.

     Қалай  айтсақ та желтоқсан көтерілісі - қазақ даласын дүр сілкінткен тарихи оқиға. Халықтың санасын өзгертті, намысын оятты. Кезінде  белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев ағамыз: «Қазақ Желтоқсан көтерілісін ұмытса, өзін ұмытады»,-деген еді. Сол сөздер әрбір қазақ баласының жүрегінен мықтап орын алса екен. Желтоқсан қалдырған іздің ақиқатына жетіп, келешек ұрпақ санасында жатталып қалуына біздің әрқайсымыз борыштымыз. Желтоқсан оқиғасына қатысқан    мыңдаған  жастардың сол күнгі, сол сәттегі жігер-күші ғасырдан ғасырға жалғасып рух беріп жатпақ.

 Бағдат Айтмұқаева.