Дені саудың - жаны сау

 Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы «Президенттің  бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінде   көрсетілген бастамалардың табысты орындалуына Қазақстан  Республикасы  халқының  денсаулығының үлкен әсер ететіні белгілі.

Әсіресе, күн көрісінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болып отырған    отандастарымыз  үшін туберкулез ауруынан  сау  болғанның  мәнісі зор.

    Аудан   көлемінде  ауылшаруашылық  жануарларын  туберкулез  ауруына  аллергиялық  тексеру жұмысы  жылына екі рет (көктем,күз)  жоспарлы түрде жүргізіледі.    Аудан  тұрғындарының  аталған  шараға  бір кісідей атсалысуы, хабарланған  уақытта өздеріне тиесілі ауылшаруашылық  жануарларын аллергиялық  тексеру іс-шарасына  алып келуі туберкулез  ауруының  алдын-алудың  бірден-бір  кепілі.  Туберкулез ауруымен күресу барысында ауылшаруашылық жануарлар ұсталатын қоралар мен ЖШ қожалықтарына тиесілі мал базыларының заң талаптарына орай тазаланып, залалсыздандыру іс-шараларының жоспарлы түрде атқарылуының мәні зор.   Аталған дерттің қоздырғышы әртүрлі залалсыздандырғыштарға шыдамды болғандықтан, оларды түбегейлі жою мүмкіндігі бар залалсыздандырғыш ертінділерді дұрыс таңдай білген жөн. Бұл мәселе бойынша аудан көлеміндегі ветеринариялық пункт мамандары мен келісіп мәселені дұрыс шешу  абзал. Залалсыздандыру іс-шаралары тек қана туберкулез ауруын ауыздықтау кезінде ғана емес өзге де адамдар мен жануарларға ортақ (бруцеллез, құтырық, топалаң, аусыл, күл, эхинококкоз, пастереллез) аурулары мен күрес кезінде аталған ауруларды жою барысында атқарылатын  негізгі шаралардың бірі болып саналады.

М.Оспанова ,

аудандық  ветеринария  бөлімінің бас маманы.

Күнтізбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3440225