Жалақыңызды да жұбаныш етіңіз
- Толығырақ
- Жарияланды 27.04.2018 04:57
- Автор: Super User
- Категория: Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы
- Қаралды: 1546
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» деген екінші бастамасы көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Өйткені, біздің қоғамда төменгі мөлшерде жалақы алатын еңбек адамдары көп-ақ. Әсіресе бұл жағдай қоғамдық тамақтандыру саласынан айқын аңғарылады.
Қала орталығындағы «Аружан» асханасына келушілердің қарасы көп. Әсіресе, түскі мезгілде тамақтанатын адамдар жиілеп кетеді. Алыс-жақыннан келетін бұларға сапалы қызмет көрсету де оңай емес.Асханадағы қызметшілердің саны онға да жетпейді. Алайда олар күнделікті табыс түсіріп, қоғамның қажеттілігін өтеп келеді. Олардың басты қағидасы – көпшілікке сапалы қызмет көрсету.
Меруерт Қасенова,
«Аружан » асханасының
қызметшісі.