Сен егер лаулап жанбасаң...
- Толығырақ
- Жарияланды 16.04.2018 07:42
- Автор: Super User
- Категория: Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы
- Қаралды: 1534
«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты еліміздегі негізгі жастар ұйымы және Елбасының сенімді тірегі.
2018 жылдың 28-29 наурыз күндері Астанада «Жас Отан» жастар қанатының кезекті IV съезі өтті.Съездің басты мақсаты – «Жас Отан» жастар қанатының жарғылық құжаттарын реттеу, «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын» талқылау.
Еліміздегі 1500-ге жуық дарынды жас буынның басын қосқан съезге Алматы облысынан 62 делегат қатысты. Делегаттар қатарында «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, қала, аудандық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері, жас кәсіпкерлер, жастар ісі жөніндегі комитеттер мүшелері болды. Жастар саясатын дамыту жолдары кеңінен талқыланған жиында делегаттар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды.
Екі күнге созылған съез «JasOtanConf» конференциясымен ашылды. «Жас Отан» ЖҚ Төрағасы Данияр Сүндетбаев 2015-2018 жылдардың І тоқсан аралығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, болашақ жоспарларды талқылады.
«Бүгінгі таңда «Жас Отан» жастар қанатының қатарында – 164 мың мүшесі, 16 аймақтық филиалдары, 171 аудандық бөлімшелері, 336 кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарында бөлімшелері бар. Орталық сайлау кеңесіне 32 адам сайланып, Жарғымыздың жаңа үлгісі бекітілмек, – деген Төраға жаңа Жарғыны талқылауға шақырды. «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Салауатты ұлт» сынды сессияға топтастырылған жастар пікірталас алаңдарында ашық әңгіме өткізіп, жастар арасындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастырды.
«Жас Отан» ЖҚ бақылау-ревизия комиссиясының Төрағасы Е.Кочетовтың есебі тыңдалып, баяндама бойынша туындаған сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесі мен бақылау-ревизия комиссиясының жаңа мүшелері сайланды. Дауыс беруге «Жас Отан» мүшелері қатысты. Осы талаптардан мүдірмей өткен 32 адам Орталық кеңеске іріктелінді. Сонымен бірге, «Жас Отан» ЖҚ-ның Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Съездің 2-ші күні «Жаңа әлемге жол саламын» гала-форумына ұласты.
«Жас Отан» ЖҚ Қазақстанда цифрландыру саясатын, бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудың қаншалықты маңызды екенін ескере отырып, бұл процестің іске асуына және ынталандыруға барлық қолда бар мүмкіндіктерді жұмсайды.
Айдар Исаев,
Панфилов ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.