Жан-жақты қолдау жолында

Қоғамның қозғаушы күші жастар екені белгілі. Ал, бүгінгі жастар ертеңіне сенімді мемлекетте тұрғысы келеді, тұрақты жалақы алып, қабілет-қарымын бағалайтын елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан оларға қолдау көрсетудің маңызы зор.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасындағы»   жоспарлар мен  берілген тапсырмалар уақытында жүзеге асатын болса –жастарға  қолдаудың үлкені осы болмақ.

  Президент өз сөзінде «Мен өркендеген Қазақстан – ең алдымен мемлекеті өзін қорғап, қолдайтынын, қамқорлық жасайтынын сезінетін, тиісінше елін жан жүрегімен сүйетін, өздеріне сенімді адамдар деп санаймын» деді. Бес әлеуметтік бастамадағы ұсыныстардың барлығы дерлік жастардың мүддесінен шыққаны анық. Себебі 7 пайыздық жеңілдікпен несиеге 25 жылға алатындардың көбі – жас отбасылар.

    Осы Үндеудегі үшінші  бастама – жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту. Президент осы бағытта негізгі 3 міндетті атап өтті: 2018-2019 оқу жылында қосымша 20 мың грант бөліну; инженерлік мамандықтар бойыша түлектердің АТ, роботты техника, нанотехнологиялар саласындағы мамандардың санын көбейту; МЖӘ қағидасы бойынша ЖОО-лар мен колледжердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету, 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салу көзделген.  Жатақхана санының артуы – жалдамалы пәтерді жағалап жүрген студенттерге үлкен септігін тигізеді.

   Осы бастамалар арқылы  Мемлекет басшысы жастардың болашағына бейжай қарамауға шақырғандай. Олардың  дамуына, баспанамен, жатақханамен қамтамасыз етілуіне, лайықты еңбекақы алуына, қолжетімді кәсіпкерлікпен айналысуына көңіл аударылып отыр. Жаңа жылымыз Наурызда басталған игі бастама ұзағынан сүйіндіргей.

Жансая   Кенжебек.

Күнтізбе

« Маусым 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3440305