Қамқорлық жасаудың жаңа қадамы


Мемлекет  басшысы Парламент палаталарының  отырысында  еліміздің  дамуын одан  әрі  ілгерлететін, халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсартатын  есеп-қисабы мұқият  жасалған ұсыныстарын жариялап, үдемелі жаңғыру жолын белгілеп берді.

    Әлеуметтің  әлеуетін  арттыратын бағдарлама бес әлеуметтік саланы қамтып, күрмеуі   қиын   күрделі  мәселелерді шешудің басты бағыттарын айқындап берді.

     Бірінші  бастамада әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері нақты қарастырылып, «7-20-25» бағдарламасы ұсынылды. Енді ол бойынша әрбір қазақстандық үшін  қолжетімді  пәтерге қол жеткізудің мүмкіндігі артары сөзсіз.  Соңғы жылдары «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде құрылыс индустриясын дамытуға баса мән берілуде.

    Елбасы ұсынған айрықша әлеуметтік маңызы бар бағдарламаны жүзеге асырудың нақты тетіктерінің қарастырылуы арқасында ипотеканың, баспанаға деген сұраныстың арта түсері сөзсіз.  Бұл, әсіресе, баспанға мұқтаж адамдар үшін үлкен жеңілдік.

                Бағдат  Тлеухан.