Баспана алудың мүмкіндігі
- Толығырақ
- Жарияланды 21.03.2018 04:29
- Автор: Super User
- Категория: Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы
- Қаралды: 1601
Елбасымыз Н.Назарбаевтың халқымызға жолдайтын жыл сайынғы Жолдаулары мен бағалы бастамаларына етіміздің үйреніп кеткені сондай, ол Жолдауларды тағатсыздана күтетініміз шындық.
Елімен етене Елбасымыз көгілдір көктем айы – Наурыздың басында сүйікті халқына арнаған кезекті бір үндеуін жариялап отыр. Президентіміз бұл жолы әлеуметтік жаңғыру жолындағы жаңа қадамдарды алдымызға тартып отыр.
Көпке ұсынған осы бес әлеуметтік бастаманың алғашқысы – «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» біз сияқты жас ұрпаққа білім, тәрбие беру ісімен айналысатын ұстаздар қауымын, әсіресе баспанасы жоқ жастарды ерекше қуанышқа бөлеп отыр.
... «Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын ұсынамын. Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес жылына 7 пайыздан аспайтын болады...»
Жастарға деген шексіз қамқорлықтың осы шынайы көрінісі – біздерге үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.
Мақпал
Сұраншиева,
Алтынсарин атындағы
орта мектептің
психолог мұғалімі.