ХАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ БАСТЫ НАЗАРДА

07.09.2020ж

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының басымдықтарымен танысып шықтым. Қуантқаны, бұл Жолдаудың азаматтардың тұрмыс-тіршілігіне, өмірлік маңызды мәселелерге және әлеуметтік қорғалуына бағдарлануы болды.


«Қазақстан жаңа әлемде өзінің лайықты орнын алуы тиіс» бұл Президент Жолдауында айтылды және бұл ұстаным ел азаматтарының негізгі бағыты болуы тиіс. Президентіміз атап өткендей әлемнің жаңа болмыс-бітімі қалыптасып жатқан шақта біз реформаларға тың серпін беруіміз керек. Бұл бағытта ұлт жоспарын және 5 институционалдық реформаны негізгі бағдар етіп алуымыз қажет. Біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндеттіміз.
Атқарушы билік қызметіндегі шектен тыс заңнамалық регламенттеу ел дамуына айтарлықтай кедергі келтіретіні анық. Бұл тұрғыда Президент басты бағытты айқындап, жүйелі жұмыс жоспарын нақтылады. Алдағы уақытта Жолдауда айтылған өзекті мәселенің шешімі табылатындығына сенім білдіреміз. Президент министрлер мен әкімдерден талап етілетінін, бірақ олардың құзіреті заңдар мен қаулылардың егжей-тегжейлі нормаларымен шектелгенін атап өтті.
Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 5 жылдық жобасын әзірлеу қажеттігі, ауылшаруашылығын дамыту секілді салалар да назардан тыс қалмады. Бұл қолдаулардың арқасында өзін өзі жұмыспен қамтып, азаматтарымыздың жеке шаруашылығы табысты болуына жол ашылмақ.
Қазіргі таңда ана мен бала мәселесі өзекті болып тұр. Түрлі себептерге орай ана мен бала өлімі республиканың барлық өңірлерінде жиі орын алып, бала сүю бақыты азайып жатқандығын біліп отырмыз деген Елбасы «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуды тапсырды.
Сөз жоқ, Президент Жолдауын жалпы еліміздің өркендеуі жолындағы ауқымды сын-тегеуріндерді еңсерудің мүмкіндігі және сара жолы деп білемін. Еліміздің дамуы алдындағы барлық міндеттердің Мемлекет басшысының бағыт беруімен жемісті жүзеге асырылатынына кәміл сенемін.
Ақмарал Қуантайқызы.

Күнтізбе

« Қыркүйек 2023 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

booked.net

  • Материалды қарау саны : 3670147