Ақылды қызға үйлен

22.07.2020ж

Қарт  жігіттен:
-Бақытты болу оңай ма?-деп сұрапты.
-Ата, жары жақсы болса, бақыты жанында,-депті жігіт.


-Жоқ, балам, ақыл басыңда болса, бақыт жаныңда болады. Есіңді болсын. Ақылды жанның бақыты алдында, ақылсыздың бақыты алыста. Жігіттің бақыты болуы ақылдылығында, Ақыл-адамды азаптан да мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең, ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен,-депті қарт.