28.02.2020ж
Елімізде инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген.
Бұл маңызды құжаттың басты мақсаты - бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру арқылы экономикалық өсуге және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу болып табылады екен.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2020-2025 жылдары көлік саласында 550 мыңнан аса жұмыс орны құрылатын болады.