Жақсы істер жан жылытады
«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген қағида бүгінде биліктің қарапайым адамдарға бет бұруының көрінісіне айналып барады. Бұған мысал ретінде Елбасының тапсырмасымен қолға алынып отырған әкімдердің халық алдында өздері атқарған, алдағы уақытта жүзеге асырмақ істері жайында есеп берулері. Қаңтардың 16-сында аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев есебін Басқұнша ауылдық округінен бастады.
Толығырақ...Жыл жемісі
Қаламыздағы Жамбыл атындағы орта мектептің директоры, «Панфилов ауданының Құрметті азаматы», ҚР білім беру ісінің үздігі, «Білім көшбасшысы» мен Ы.Алтынсарин атындағы медальдарының иегері Ризайдин Сейітұлы Айсаев (суретте) үшін өткен жыл жемісті жыл болды: қоғамдық сала мен оқу ісіндегі ерен жетістіктері үшін Ризайдин Сейітұлы «Евроазиялық одақ мемлекеттерінің Құрметті азаматы» орденімен марапатталды.
Толығырақ...Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты немесе шындықтың шырағы сөнбейді
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі жұртшылық жадынан өшпек емес. өйткені, бүгінгі егемен еліміздің ғасырлар бойғы аңсап келген тәуелсіздігіне қол жеткізуіне жастардың сол бас көтеруі себеп болғаны ақиқат еді. Одан бері де отыз жыл уақыт өтті. Бірақ ... ақиқатқа жету жолы қашанда ауыр екені тағы да көрінді. Желтоқсан оқиғасы туралы хабар ошардың біржақты болып, оған теріс сипат беріліп, алғашында ел ішінде әртүрлі қауесеттің тарағаны да әлі есте.
Толығырақ...1 миллион теңге-аз қамтылған отбасыларына
«Жаныңда жүр жақсы адам» демей ме халық нақылы. Осындай күнделікті жанымызда жүрген жүрек жылуы мол, қолы ашық-атымтай жомарт жандарды елеп, ескере де бермейміз.
Толығырақ...Шырайлы шаңырақтың шаттығы да мол
Әлқисса, Нағарашы ауылының тумасы, бүгінде Жаркент қаласының тұрғыны, «жігітке жеті өнер де аз» дейтіндей қарымды қабілетке, табиғи талантқа, ілкімді іскерлікке бейім, темір көлік десе ішкен асын жерге қоя салатын, байлығы бәсіре болатындай бағбандықтың бәсекесін асырып жүрген Дүйсен Халықұлының аяқ асты қалта телефонымен хабарласа қалмасы бар ма? Ағалы-інілі болып көптен сыйластығымыз жарасып жүрген бауырымның мені бекерден-бекер іздей қоймасын сезіндім де өзіме етене таныс әуезді үніне жайлап құлақ түрдім.
Толығырақ...