Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын...
Жас ұрпақтың санасына сәуле шашып, көкірек көзін ашып, білім дәнін сеуіп жүрген жанның бірі – Дәнеш Рақышұлы атындағы орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрпейісова Дина Манапқызы. Ол түйсіну, сезіну, іздену, үйрену арқылы өз бойындағы жылт еткен дарын ұшқынын айналаға жарық шашар шұғылалы нұрға айналдырған абзал жан. Дені сау, көкірек көзі - ашық, мақсаты – айқын. Кез-келген қиындықты жеңе алатын күш-қуаты бар.Педагогика саласын терең меңгерген, қабілет-қарымы жоғары.
Толығырақ...Бала тәрбиесі-баршаның
Ертеңгі болашағымыз болып табылатын бүгінгі жас өркеннің тәрбиесі – қашан да басты назарда. Тәрбие негізі – талбесіктен.
Жуырда осы бала тәрбиесіне арналған кезекті отырыс аудан әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияда өтті.
Толығырақ...Жаңарудың жаңа қадамы
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы жаңа дәуір қарсаңындағы соны қадамдардың бірі болғаны анық. Әрбір Жолдау қашанда қарапайым халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын түзеуді көздейді. Жолдауда ұлт болашағының жоспары, алға қойған мақсаттары көрсетілгендіктен, оны халық арасында, мекемелерде, оқу орындарында насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
Толығырақ...Міндетті медициналық сақтандыру межесі
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Үкіметтің алдына қойған тікелей міндеттерінің бірі. Бұл жөнінде Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айрықша атап өтілген.
Толығырақ...АГроөнеркәсіптің болашағы зор
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын тұрғындар арасында насихаттау мақсатында республикамыздың жоғарғы лауазымды азаматтары да көпшілікпен кездесулер өткізіп, Жолдауда айтылған қағидаларды терең түсіндіріп, қарапайым халықтың сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптар қайтаруда.
Толығырақ...