Ортақ отан, ыстық ұя
1995 жылдың басында Елбасы барлық ұлттың қоғамдық және мәдени орталықтардың басын бір ұйымға біріктіру туралы идеяны ұсынды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай ұйымды құру ісіне өзі бел шешіп кірісіп, тікелей араласты.
Толығырақ...Әйел - отбасы шамшырағы
Қазақ қыздары қашан да, қандай істе де намысты қолдан бермеген. Ел басына күн туғанда да бұрымын бөркіне түйіп, бүрме етегін шалбарға ауыстырып, ерлермен қатар елін қорғаған. Хан – қараларға ақылшы болып, күллі бір қауымның анасы атанғандары қанша ма! Қазіргі заманда да қазақ әйелдері қанға сіңген әдетімен бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетіп, түзде – жақсы басшы, үйде жақсы жар болып жүр. Панфилов ауданында да қарым-қабілеті мен іскерлігі жағынан ел көзіне түсіп, қоғамға пайдасын тиігізіп жүрген бибілеріміз баршылық.
Толығырақ...Жақсы адамда жаттық жоқ
Ормандай болып ортамызды толтырып жүрген көңілі - кеніш, ақылы – дария қазыналы қарттарымыз аз ба? Құдайға тәубе дейік, қалың қатарлары сиреп қалса да – бар. Барға қанағат, жоққа жүйрік жетпейді. Сондай абыздық ақсақалдыққа бет бұрғандардың біреуі болса да, бірегейі – Нұрләби Рақымжанұлы.
Толығырақ...Тар жол тайғақ кешкендер, немесе сүйдін операциясына қатысқан кімдер еді?
Жаркент жерінде (ол кезде Жаркент уезі болатын) ұйымдастырылған Сүйдін операциясы туралы, яғни атаман Дутовтың көзін жою жөнінде аз жазылған жоқ. Алайда сол Сүйдін операциясына қатысқан кімдер екенін там-тұмдап баспасөз беттеріне шыққан мақалалардан, әдеби шығармалардан ғана білеміз. Оқиға әр жерде әр түрлі жазылғандықтан қатысқан адамдардың аты-жөндері де әртүрлі. 1919 жылы атаман Дутов пен атаман Анненковтың полковнигі Сидоровтың отряды Қалжатты басып алып, Қорғас пен Басқұншыға шабуыл жасайды. Оның ішінде Бұрхан ауылын (Лесновка ауылының жоғарғы жағында) түгелдей бала –шаға мен әйелдерді өртеп жібереді.
Толығырақ...Ерлік мәңгі жасайды
Менің әкем Қадыров Юсуп /Юсупахун/ 1890 жылы Жаркент уездінің Хонахай ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келіпті. Бұғанасы бекіместен әркімнің есігінде жалшылықта жүріп күнін көріп тағдыр ерте есейткен екен. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін арнайы мектепте үш сыныптық біліммен сауатын ашып Жаркент уездік милициясына қатардағы милиционер болып орналасады. Бір топ қызметтестерімен түскен суреті Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің тарихи мұражайының алтын қорында сақтаулы тұр.
Толығырақ...