Талдықорғандықтар Астананың 20 жылдығына дайындықты бастап кетті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің білімгерлері Астананың келер жылғы мерейтойы қарсаңында флешмоб ұйымдастырды. Оған 100-ге жуық студент қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Толығырақ...Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек
Ә л е у м е т т i к көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берiлетiн болады. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi азаматтарға мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк бейiмдеу бағдарламаларына белсендi қатысуы жағдайында ғана берiлетiн болады.
Толығырақ...Көмір бағасы неге тұрақсыз?
Қазақстан экономикасының мониторингін шығаруға бағытталған еnergyprom.kz жобасының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінде көмірдің бір тоннасы орташа есеппен 11 мың теңгені құраған. Бұл баға тамыз айында 6,6 пайызға өскен. Ал, біздің ауданымызда тамыз айындағы орташа көрсеткіш 16-18 мың теңгені құраған еді. Бүгінгі күні сұранысқа ие Шұбаркөл көімірінің бағасы 22-23 000, Қаражыра көмірі 18000 теңгеге жетіп отыр. Бағаның күрт өсуіне кім кінәлі?
Толығырақ...Төрден көрінген Төлеби
Жуырда республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жеке шаруа қожалықтарының басшыларын қабылдаған болатын.
Олардың қатарында Алматы облысы бойынша ауданымыздағы Көктал ауылдық округіне қарасты «Жақыбаев» жеке шаруа қожалығының басшысы Төлеби Жақыбаев та болған еді.
Бестеректе белгі бар
Жыл сайын елімізде репрессияға ұшыраған, саяси қуғын-сүргін жылдарында құрбан болған жерлестерімізді 31 мамыр күні еске алып, азалы митинг өтеді. Биыл да ауданымыздағы Кішішыған ауылының батыс жағындағы «Бестерек» деп аталатын жерде саяси қуғын-сүргін жылдары құрбан болған жерлестерге орнатылған ескерткіш қасында еске алу митингісі болды.
Толығырақ...