Алтынкөлге «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан поезы» республикалық акциясы өткізілуде. Алтыншы желтоқсан күні «Тәуелсіз Қазақстан поезы» алғашқы сапарын Жаркент өңірінен бастады.
Толығырақ...Көшбасшы
Қай халықтың болсын болашағы басшысына байланысты.Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді.Елдің көшін алға тартып, әлемдік қауымдастық әлеуеті зор елге айналдыруда.
Толығырақ...Мерекеге үлес қосу-ортақ міндет
Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент күніне орай «Арай» балабақшасы игі істерді қолға алуда. Бірқатар мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланып, жүзеге асуда. Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атануда. Соның бірі «Арай» балабақшасының мұғалімі Р.Қасымова республикалық «Ақ көгершін» байқауына Қуанышұлы Қуандық пен Мейрамхан Бегім Сұлуды қатыстырып, жүлделі орынмен оралды. Байқау «Кішкентай ханзада» тақырыбымен төрт кезең бойынша өтті.
Толығырақ...90 жастағы Рәш Төрікбаева, зейнеткер, тыл ардагері. Әр санын асыға күтемін
Ауданымыздың көзі, құлағы, һәм тілі болып отырған «Жаркент өңірі» газетінің әр санын асыға күтемін. 95 жылдық тарихы бар газеттің мақалалары көңілімнен шығады. Өңіріміздегі елеулі жаңалықтар, өзгерістер өрімі, өзекті мәселелерді халыққа уақытылы жеткізіп отырған бірден - бір газетіміз. Өзімнің жасыммен деңгейлес газетпен алдағы уақытта да бірге боламын деген сенімдемін. Оқырмандарға: «Басылымға жазылуға асығыңыздар, өйткені өкінбейсіздер»,-деген аналық ақ тілегімді жеткізгім келеді.
Толығырақ...Серідей сергек Сейітбек
Сайдахметов Сейітбек 1938 жылы 15 қаңтарда Октябрь ауданына қарасты Сәттіжол ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Соцжол жеті жылдық мектебіне оқуға кіріп, 1953 жылы бітіріп, 1954 жылы сегізінші класты Көктал ауылындағы Абай атындағы мектепте оқып бітіреді. Ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндік болмады. Содан 1955 жылы Көктал ауылындағы трактористер дайындайтын 3 айлық курсты бітіріп, тракторист мамандығын алып шығады. 1955 жылы «Октябрь» совхозына тракторист болып қабылдады. 1962 жылға дейін совхозда әртүрлі жұмыстар істеген. 1962-1964 жылдары «Октябрь» совхозының Сарпылдақ ауылында трактор егіс бригадасының бригадирі болып істейді.
Толығырақ...