Серідей сергек Сейітбек
Сайдахметов Сейітбек 1938 жылы 15 қаңтарда Октябрь ауданына қарасты Сәттіжол ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Соцжол жеті жылдық мектебіне оқуға кіріп, 1953 жылы бітіріп, 1954 жылы сегізінші класты Көктал ауылындағы Абай атындағы мектепте оқып бітіреді. Ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндік болмады. Содан 1955 жылы Көктал ауылындағы трактористер дайындайтын 3 айлық курсты бітіріп, тракторист мамандығын алып шығады. 1955 жылы «Октябрь» совхозына тракторист болып қабылдады. 1962 жылға дейін совхозда әртүрлі жұмыстар істеген. 1962-1964 жылдары «Октябрь» совхозының Сарпылдақ ауылында трактор егіс бригадасының бригадирі болып істейді.
Толығырақ...Жазылған жайдың жаңғырығы Қуана қолдаймыз
2017 жылдың 12 қаңтарында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері,халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаев 105 жасқа толады. Оның республиканы басқарған жылдарындағы айрықша табыстары тарихқа алтын әріптермен жазылып қалды.
Толығырақ...Тәуелсіздікке тарту
Бүгінде есептеуіш құралдың көмегінсіз есептеудің ең оңтайлы тәсілі – ментальды арифметика. Әлемде осы ментальды арифметика бойынша әр түрлі жарыстар өткізіліп тұрады. Бұл жарыстарға біздің, яғни, Юсимастың оқушылары үздіксіз қатысып, жүлделі орындардан көрінуде. Бұған дәлел, 2016 жылдың 11 қарашасында Жаркент қаласындағы «№6 орта мектеп интернаты» КММ-нің 3 «А» сынып оқушысы Бекайдар Нұрлыбек Дубайда өткен ХХІ Халықаралық ментальды арифметика ойындарына қатысып, ІІІ орынды иеленіп қайтты.
Толығырақ...Мәдени мұра Достықтың дәйекті дәнекері
Осыдан аттай он жыл бұрын жазылған, ұйғыр әдебиетіндегі сөз әлемінің сан алуан сиқырын бойына сіңірген шайырлардың бірі, марқұм Османжан Қамбарийдың жезтаңдай әнші, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Дәнеш ағамыз бен сүйікті жары Рәхила апамыздың арасындағы сүйіспеншілікті арқау еткен «Тебіреніс» атты өлеңін көпшілік назарына ұсынғанды жөн көрдік.
Толығырақ...Ермек Келемсейіт, Алматы облыстық ардагерлер Кеңесінің төрағасы: Таулар алыстаған сайын асқақ көрінеді
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын дана халқымыз қашан да қадірі артқан талантын төріне шығарып, қатты құрмет тұтатыны баршаға аян. Сондықтан болса керек, Қазақстан Республикасының Халық әртісі деген ресми атақ оған алпыс жылдық мерейтойында берілгенімен, хас шеберді қапысыз танитын халық Дәкеңнің атын әлдақашан-ақ аңызға айналдырып, көзінің тірісінде оны «Жетісудың бұлбұлы» атандырды.
Толығырақ...