Ән өнерінің Ақберені
Алаштың ардақты азаматы, әнші-сазгер, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Дәнеш Рақышевтің 90 жылдық мерейтойы туған топырағы-Жаркент өңірінде мәдени шара ретінде атап өтілді. Жыл басынан-ақ бастау алған игілікті шаралардың Үлкенағаш ауылдық округіндегі Әулиеағаш орта мектебінде жарасты жалғасын тапқаны-көзіқарақты жұртшылыққа мәлім.
Толығырақ...Алтынкөлге «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіз Қазақстан поезы» республикалық акциясы өткізілуде. Алтыншы желтоқсан күні «Тәуелсіз Қазақстан поезы» алғашқы сапарын Жаркент өңірінен бастады.
Көшбасшы
Қай халықтың болсын болашағы басшысына байланысты.Елбасы Н.Назарбаевтың сарабдал саясаты Қазақстан халқын жарқын болашаққа бастап келеді.Елдің көшін алға тартып, әлемдік қауымдастық әлеуеті зор елге айналдыруда.
Толығырақ...Мерекеге үлес қосу-ортақ міндет
Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент күніне орай «Арай» балабақшасы игі істерді қолға алуда. Бірқатар мәдени іс-шараларды өткізу жоспарланып, жүзеге асуда. Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері түрлі байқауларға қатысып, жүлдегер атануда. Соның бірі «Арай» балабақшасының мұғалімі Р.Қасымова республикалық «Ақ көгершін» байқауына Қуанышұлы Қуандық пен Мейрамхан Бегім Сұлуды қатыстырып, жүлделі орынмен оралды. Байқау «Кішкентай ханзада» тақырыбымен төрт кезең бойынша өтті.
Толығырақ...90 жастағы Рәш Төрікбаева, зейнеткер, тыл ардагері. Әр санын асыға күтемін
Ауданымыздың көзі, құлағы, һәм тілі болып отырған «Жаркент өңірі» газетінің әр санын асыға күтемін. 95 жылдық тарихы бар газеттің мақалалары көңілімнен шығады. Өңіріміздегі елеулі жаңалықтар, өзгерістер өрімі, өзекті мәселелерді халыққа уақытылы жеткізіп отырған бірден - бір газетіміз. Өзімнің жасыммен деңгейлес газетпен алдағы уақытта да бірге боламын деген сенімдемін. Оқырмандарға: «Басылымға жазылуға асығыңыздар, өйткені өкінбейсіздер»,-деген аналық ақ тілегімді жеткізгім келеді.
Толығырақ...