Көмір бағасы неге тұрақсыз?

Қазақстан экономикасының  мониторингін шығаруға бағытталған еnergyprom.kz жобасының мәліметіне сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінде көмірдің бір тоннасы орташа есеппен 11 мың теңгені құраған. Бұл баға тамыз айында 6,6 пайызға өскен. Ал, біздің ауданымызда тамыз айындағы орташа көрсеткіш 16-18 мың теңгені құраған еді. Бүгінгі күні сұранысқа ие Шұбаркөл көімірінің бағасы 22-23 000, Қаражыра көмірі 18000 теңгеге жетіп отыр. Бағаның күрт өсуіне кім кінәлі?

 

            ҚР Энергетика министрлігінің ресми түсіндірмесіне сәйкес, Қазақстандағы көмір бағасының қымбаттауына теміржол тарифтері мен делдалдардың өз бағасын қоюы айтарлықтай әсер еткен. Ауданымыздың аумағында теміржол желісі салынғанда, осы мәселе біржақты болады деп қуанған халқымыз әлі де болса қымбатшылыққа ұрынуда. Жақында Құндызды, Алтынкөл станцияларындағы көмір ба  заларында және Жаркент қаласындағы көмір сататын орындарында барып қайтқан болатынбыз. Қазан айында басталған жағдай әлі жалғасып келеді: көмір бар –алайда бағасы қымбат, ал кей жағдайда көмір таппауыңыз да мүмкін. Құндызды станциясында кезекте тұрған адамдар қыс тақаған сайын көмірге қажеттілік арта түскендіктен тіпті бір- бірімен жанжалдасуға дейін барған.           Мұнда шұбаркөлдік көмірдің 1 тоннасы 16500 теңгеден, тиісінше белгілі бір мекен-жайға жеткенше баға өсе береді. Ал ауыл, қала ішіндегі делдалдар қазіргі бағаны жанармай құнының өсуімен, өз қызметкерлеріне беретін күнделікті еңбекақысы, жүк тасымалдауға, көмір тиейтін көліктерге берлетін қаржы, т.б. шығындармен түсіндіреді.

            ҚР Энергетика министрлігінің Электроэнергетика және көмір өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Талғат Әбілғазы «Елімізде жыл сайын көмір бағасы

неліктен қымбаттайды?» деген bnews.kz тілшісінің сауалына «Көмір разрездерінің бәрі бағаны өздері қояды. Яғни, нарықтың өзі реттейді. Көмірдің разрездегі өзіндік құны

3-5 мың теңгеден басталып, 8 мыңғай дейін жетеді. Соңғы тұтынушының қолына жетем дегенше – көмірдің бағасы өсе береді. Ал антимонополия комитеті заң бойынша бағаны

көтергендерді бақылап отырад» деп жауап беріпті.Жеке кәсіпкерді заңсыз тексеруге ешкімнің құқығы жоқтығы мәлім. Дегенмен өңіріміздегі баға тұрақсыздығы туралы антимонополиялық комитетке өкілетті органдар атынан арнайы хат жолданып, іс-шаралар

қабылданса игі болар еді. Себебі, осы жағдайлардың барлығынан зардап шегіп жатқан қарапайым халық ғана...

Ж. ЕРЖАНҚЫЗЫ.