Төрден көрінген Төлеби

Жуырда республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жеке шаруа қожалықтарының басшыларын қабылдаған болатын.
Олардың қатарында Алматы облысы бойынша ауданымыздағы Көктал ауылдық округіне қарасты «Жақыбаев» жеке шаруа қожалығының басшысы Төлеби Жақыбаев та болған еді.


Астана қаласында өткен қабылдауда болып, төрден көрінген Төлеби Базарханұлына «Нұр Отан» партиясының билеті және төсбелгісі салтанатты түде табыс етілді.
Республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасы бірінші орынбасарының бұл қабылдауы жеке шаруа қожалықтарын басқарып отырған жастарды жігерлендіріп, еңбек өнімділігін еселеп арттыруға септігін тигізуде.
Бүгінгі таңда Төлеби басқаратын «Жақыбаев» жеке шаруа қожалығында жазғы жайылымды тиімді пайдаланып асыл тұқымды малдың қоңдылығын арттыру үшін еңбек етуде.
Өткен жылдарда Төлеби Базарханұлы екі мәрте облыстық шаруа қожалықтары арасында көшбасшы атанды.
Биыл облыс бойынша бір өзі ғана Астана қаласына барып, республикалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының қабылдауында болу құрметіне ие болды. Сондай-ақ осы сапарында «ЭКСПО-2017» көрмесіне тегін кіріп, аралап көрді. Әрине, бұл еліміздегі жетекші партияның жастар еңбегін жоғары бағалап отырғандығын.көрсетеді.
Жұмағазы Бейсебек.