Жасарып жаңарудың жарқын жолы

 

   Қазақстан   Республикасының   Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы  жер-жерде талқылануда. Осыған орай жуырда  аудан  әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Наурызұлы Қылышбаевтың қатысуымен жиналыс өтті.

 

Кездесуге мәслихат депутаттары, Жаркент қаласы және ауылдық округ әкімдері, мекеме, ұйым басшылары, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы, БАҚ өкілдері қатысты.

                Жиналысты аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев ашып, жүргізіп отырды. Бердәулет Ешенұлы жиын қонағын таныстырып,  алғашқы сөзді Нұрлан Қылышбаевқа берді.  Нұрлан Наурызұлы  Елбасы Жолдауының  маңызына тоқталып өтті.  Сондай-ақ еліміздің ертеңі - жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа баулу қажеттігін атап өтті. Елбасының Жолдауы алдағы атқарылар ауқымды істерді  жүзеге асырудағы маңызды  құжат екенін атап өтті.

                Еркін әңгімелесу түрінде өткен кездесуде аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы Ақан Оспанов, кәсіпкер  Закир Кузиев, Луначарский мектеп-гимназиясының директоры Нүсіпәлі Темірбаев,  аудандық Мәслихат депутаттары Құрманжан Ахметқалиев, Бақытжан Сабырбаев, Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ерлан  Оспанбаев,   аудандық    білім бөлімінің  қызметкері Мақытбек Тұрлыбеков, тағы басқалары сөз сөйледі.  Сенаторға өткір пікірлерін айтып, әңгіме бөлісті, сұрақтарын қойды, ұсыныс-тілектерін жеткізді. Мемлекет басшысының Жолдауын  қолдайтындықтарын  білдірді.

                Мұнан соң  Сенат депутаты Нұрлан Наурызұлы кездесу барысында айтылған ой-пікірлер мен  сұрақтардың құзырлы орында қаралатынын айтты.

                Кездесуді аудан әкімі Бердәулет Абдулдаев қорытындылады.

 

Б.Тлеухан.