Жастардың ертеңін ойламау - ұлт болашағына балта шабумен пара-пар екені белгілі.
«Ұлт болам десең, бесігіңді түзе, ұрпағыңды ойла», деген ұлағатты қағида осыдан қалса керек. Сол себепті бүгінгі егемен елімізде жастарға білім мен тәрбие беру, оларды барынша әлеуметтік тұрғыдан қолдау, ел келешегіне өз үлесін қосатын, патриоттық сезімі жоғары, жан-жақты азамат болып қалыптасуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында мемлекет тарапынан барлық жағдай қарастырылған. Атап айтар болсақ: жастардың туған жерін жасыл желекке айналдыру мақсатында – «Жасыл ел» бағдарламасы; Жастарды тұрақты жұмыспен қамтуға арналған – «Жастар практикасы» бағдарламасы білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік жасап отырған - «Жастар кадрлық резерві» жобасы; еліміздің білікті жастарын, оның ішінде 3-ші 4-ші курс студенттерін даярлап, мемлекеттік қызметке тарту мақсатында – «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасы; жастар арасында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды түсіндіру және ұлықтау мақсатында – «Жастар Отанға» жобасы; Жас отбасылардың баспанаға қол жеткізу мақсатында – «Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы; көптеген жас мамандардың ауылға оралып, аймақтың және еліміздің дамуына өз үлестерін қосу мақсатында - "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы; жастар ортасында ғылымның мәртебесін көтеру және оларды инновациялық жобаларды әзірлеуге тарту үшін – «Қарқын KZ» жобасы; жастардың санасында еңбек құндылықтарын арттыру бойынша – «Еңбекқор» жобасы; табысты жас қазақстандықтың бейнесін танымал ететін – «Отандастар» жобасы; жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында – «Іске сәт» арнайы жобасы қарқынды іске асырылуда.
Елбасы саясатын жүзеге асыруда Қоңырөлең ауылының орталығынан салынып жатқан «Арай» шағын футбол алаңының құрылысы.
249 жомарт азаматтар 1 млн 600 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетіп, аталған қаржыға керекті құрылыс материалдары алынды. Бүгінгі күнде құрылыс жұмыстарының 75 пайызы орындалып, жасанды газон төсеніштерін төсеу жұмыстары қалды. Атқарылған жұмыстарға 130-дан астам жастар мен оқушылар, 40-тан астам азаматтар құрылыс жұмыстарына араласып, 30-дан астам әртүрлі техника тартылды. Ауылдың дамуына атсалысып жатқан сайдың тасындай азаматтарға, жастарға үлкен алғыс білдіре отырып, одан әрі жалғасын табатын, жастардың,ауылдың болашағы үшін жасалынып жатқан жұмыстарға бір кісідей атсалысуға шақырғым келеді. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекен – ауылды көркейту біздің парызымыз.
Н.Алимов,
«Қоңырөлең ауылдық округі әкімі аппаратының