Серідей сергек Сейітбек

Сайдахметов Сейітбек 1938 жылы 15 қаңтарда Октябрь ауданына  қарасты   Сәттіжол ауылында дүниеге келген. 1946 жылы Соцжол  жеті жылдық мектебіне оқуға кіріп, 1953 жылы бітіріп, 1954 жылы сегізінші класты Көктал ауылындағы Абай атындағы мектепте оқып бітіреді. Ары қарай  оқуын жалғастыруға мүмкіндік болмады.  Содан 1955 жылы Көктал ауылындағы  трактористер дайындайтын 3 айлық курсты бітіріп, тракторист мамандығын алып шығады. 1955 жылы «Октябрь»  совхозына тракторист болып  қабылдады.  1962 жылға дейін совхозда әртүрлі жұмыстар істеген. 1962-1964 жылдары «Октябрь» совхозының Сарпылдақ ауылында трактор егіс бригадасының  бригадирі болып істейді.

 

            1984 жылы «Октябрь» асыл тұқымды  қой совхозының  №3 фермасының  меңгерушісі болып  1996 жылға дейін істеп еңбек демалысына зейнеткерлікке  шығады.  Зейнетке шықса да еңбектің  бейнетінен қашпады. Егін егіп, мал өсірді.

            Әр жыл сайын510 гажерге картоп салып, жоғарғы өнім алып жақсы табыстарға жетті. Онымен қоймай осы дақылды сақтайтын қойма салды. 70 гажерге алма отырғызып, оның  алды жемісін бере бастады.  Малдың қой, ірі қара, жылқы түліктерін өсірумен шұғылданды.

            Қоңырөлең ауылында жұмыс істемей тұрған сауда орталығын  күрделі жөндеуден өткізіп, күнделікті халыққа керек тауарларды сататын дүкен, тойхана ашып, оны қазіргі талапқа сай кеңейтіп, жөндеуден өткізді.  Осылай халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге және халыққа қызмет көрсетуде біршама шаруалар  атқарды.

            Қазіргі кезде «Қазақстан –Апорт» бағдарламасы бойынша40 гажерге бақ өсіріп, әзір соны күтіп баптаумен  шұғылданады.  Аудандық әкімшілік осы істеген істерін бағалап,  бұл кісіні «Құрмет грамотасымен» , «Алғыс хаттармен» марапаттады.

            Отбасында жеті баласы бар.  24 немере, 19 шөбере көріп отырған азамат. Жұбайы Маханқызы Мырзатай тәтеміз қазір бұл өмірде жоқ. Сайдахметов Сейітбектің осындай еңбектерін ескере отырып, оны Панфилов ауданының «Құрметті азаматы» деген атақ алуға  әбден лайықты қария деп білемін.

Сатыбай   Мырзахметов,

Панфилов ауданының 

«Құрметті азаматы»,

еңбек  ардагері.

 

Күнтізбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

booked.net

  • Материалды қарау саны : 4127826